ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДІН МӘСЕЛЕЛЕРІНДЕГІ АҚПАРАТ-НАСИХАТ ТОПТАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ РӨЛІ
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДІН МӘСЕЛЕЛЕРІНДЕГІ АҚПАРАТ-НАСИХАТ ТОПТАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ РӨЛІ

Осыдан алты-жеті жыл бұрын Дін істері комитеті жанынан құрылған дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобы (АТТ) жұмысының өзектілігі діни фактордың қоғамдық өмірде басымдылық танытуымен тұспа-тұс келгенімен байланысты десек болады. Сол жылдары еліміздің діни ахуалында келеңсіз жағдайлардың орын алуы да баршамызға мәлім. Осы жайттар тұрғындар арасында мемлекеттің дін саласындағы саясатын жете түсіндіру қажеттілігін, дін атын жамылған жат ағымдардың теріс ықпалының алдын алуды күн тәртібіне қоюды талап етті. Еліміздің өңір-өңірлерінде аймақтық ақпараттық-түсіндіру топтарының құрылуымен қатар, Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы (ары қарай РАТТ) жүйеленіп, оның құрамына еліміздегі білікті мамандар тартыла бастады.

Ел аймақтарындағы жүргізіліп отырған жұмыстардың жетілдірілуіне байланысты уақыт өте келе топ құрамы өзгеріп отырады. Кей кезде жаңа кадрлар топқа қосылып жатады және, керісінше, кейбір топ өкілдері құрамнан шығып отырады. Соңғы жылдары АТТ құрамына әйелдер аудиториясымен жұмыс жасай алатын, бірнеше тілге қабілеті бар мамандар, тәжірибелі психологтар, топпен және жекелеген азаматтармен, соның ішінде түзету мекемелерінде бас бостандығынан айырылып, жазасын өтеп жүрген азаматтармен сұхбат орнатуда біліктілігімен танымал мамандар тартылуда. Демек, Дін мәселелері жөніндегі Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының жұмысы динамикалық өзгерістерге бейім және уақыт талаптарын ескеретін жүйе.Өңірлердегі жұмыстары барысында  АТТ мүшелері тек облыс орталықтарында ғана емес, жергілікті аудан-ауылдарға да шығып, тұрғындармен кездеседі. Соңғы уақытта нысаналы топтар ретінде жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз ететін азаматтар назарға алынуда. Бұған сәйкес, жұмыс жоспарларында еңбек ұжымдарынан бөлек, сауда орталықтарында, базарларда кездесулер қарастырылған.

Нысаналы категорияларға байланысты тұрғылықты мекен-жайы бойынша жекелеген профилактикалық кездесулер де ұйымдастырылады. Әлбетте, аталмыш жұмыстар жергілікті дін саласындағы жауапты басқарма және дін мәселелерін зерттеу орталықтары тарапынан қолдау көрсетуімен жүзеге асырылады. Десек те, кейбір өңірлерде АТТ жұмысы тиісінше ескерілмей қалуы да орын алуда.Айталық, кейбір өңірлерде Дін істері комитеті жанындағы АТТ мүшелерінің келуіне байланысты нысаналы топтармен мәнді іс-шаралар жоспарланады. Ондай жағдайда екі күндік іс-сапарда кемінде үш сарапшыдан құралған жұмыс тобы бірқатар топтық және жеке кездесулерді ойдағыдай жүзеге асыра алады. Кей кезде кешкі уақытқа қарамастан деструктивті діни көзқарастағы азаматтардың тұрғылықты мекен-жайларына бару да тәжірибеде бар.Кез келген өңірдің дін саласындағы мәселелі аймақтары бірінші кезекте сол өңірге мәлім екені сөзсіз. Және де сол жергілікті мамандармен тұрақты әрі жүйелі жұмыс жүзеге асырылып жүргені де белгілі. Олай болса, АТТ мүшелерінің жұмысы сол жергілікті жүйелі жұмысты толықтыруды, жетілдіруді ғана алға мақсат етіп қояды.

 

 

 

 

 Орындaғaн: «5В020600-Дінтану» мамандығы

 4 курс студенті МұхаметхановаГ.А.

  Ғылыми жетекші: дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушысы, PhD, Альджанова Н.К.

https://www.kaznu.kz/ru

 

Мұхаметханова ГүлмираМұхаметханова Гүлмира
4 года назад 1658
0 комментариев